Айтбек Амангелді: Жалғыз қателігі – Қуандыққа сеніп, ғашық болғаны шығар

29 Наурыз, 13:23 1350

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы қаржылық жағдайында Бишімбаевқа тәуелді болмағанын және жақсы табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтбек Амангелдінің сөзінше, Салтанат астролог ретінде қыздарға көмектесіп, жиі тегін кеңес берді. Қайырымдылық компаниясында да жұмыс істеген. Аз қамтылған адамдарға арналған тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға көмектесіп тұрған.

Жалғыз қателігі – Қуандыққа сеніп, ғашық болғаны шығар, – дейді Айтбек Амангелді.

Айтуынша, Салтанаттың тұрақты клиенттері көп болған.

Бір кездері Салтанаттың қабылдауына жазылушылардың саны арта бастады. Сондықтан мен оған қабылдаушыларды автоматты тіркеу бойынша күнтізбесін реттеуге көмектестім. Осылайша, 2020 жылы Салтанат 2,5 млн теңге табыс тапты, әр қабылдауы 50 мың теңге тұрды. Кейін ол 80 мың теңгеге дейін бағасын көтеріп, өзіне көмекші жұмысқа алды. Салтанаттың табысы айына 2-4 млн теңгеге дейін жетті, - деді ағасы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова Айтбек Амангелдіден «Салтанат Нүкенова тұрмыс құрғаннан кейін сізден қарыз алды ма?» деп сұрады.

Иә, алды. Бірақ жиі емес. Оның өзінде көп қаржы емес. Оған дейін 2-5 мың бере тұршы деп сұраса, тұрмыс құрғаннан кейін 50-100 мың теңгеге дейін сұраған, - деп жауап берді ол.

Айтбек Амангелдінің сөзінше, 31 желтоқсан күні Салтанат ағасынан азық-түлік алу үшін қарызға ақша сұраған.

«Кімге дастарқан жаюы керек еді?» деп сұрады адвокат.

Қуандыққа, оның ата-анасына, балаларына, - деп жауап берді ағасы.

Миражан Махан
Бөлісу: