16.06.2023
13:15
1497
Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде топ жарды

Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде топ жарды

Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейітов 25-рет ұйымдастырылып отырған Шанхай халықаралық кинофестивалінде ҚАШ фильмімен сынға түскен болатын.

«ҚАШ» фильмі Asian New Talent санатында бірден үш номинация бойынша үздік атағына үміткер болды:

Үздік фильм – Айсұлтан Сейітов;
Үздік режиссер – Айсұлтан Сейітов;
Үздік сценарист – Абылай Нұрманбетов.

Сейітовтің өзі instagram-ында «Үздік режиссер. Рахмет», - деп жазды.