Айсәуле Бақытбек: Әкемнің істегенін ақтауға болмайды

1 Қыркүйек, 16:29 623

28 жастағы Айсәуле Бақытбек-Қайдарова өзінің Instagram парақшасында "сұрақ-жауап" айдарын өткізіп, әкесі жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзованың қызы әкесінің туыстарымен ешқашан көп араласпағанын айтты. Айта кетейік, Айсәуленің әкесімен қарым-қатынасына қатысты сұрақ Бақытбек Есентаевтың немересін жетелеп жүрген фотодан кейін пайда болды.

Мен осы фотосуретті жарияладым. Бірақ сол кезде "міне, сөйлесесіп жүр екенсің, сен жарадың", "қандай кереметсің" деген пікірлер жазылды. Бұл әдеттен тыс адамдардың басындағы мүлде қате пікір. Оның істегенін ақтауға болмайды. Ешқандай! Бұл фотосурет пен біздің сөйлесуіміз оны ақтадым дегенді білдірмейді. Олай емес. Бұл қарым-қатынас маған оңай емес, көп жұмыс пен күш жұмсауды қажет етеді. Ол туралы ол (әкесі) тіпті білмеуі де мүмкін, - деп жазды Айсәуле Бақытбек-Қайдарова.

Десе де, Айсәуле әкесінен теріс айналып кетпеген.

Бірақ мен соның арқасында өмір сүріп жүргенімді білемін. Әкем ұзақ жылдар бойы маған жақсы әке болды. Адам баласының өте қорқынышты әрекетке барса да, баласымен, немересімен қарым-қатынас жасауына қақы бар. Өйткені, бұл өмір. Өмірдің көп қыры бар. Менің өмірімнің қыр-сырын ешкім ұқпайды, мен де біреуің өмірін ұқпауым мүмкін, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев өз әйелін өлтіруге оқталды, сонымен қатар сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деген айыппен сотталып, түрмеде жазасын өтеп шыққан. Сот 2016 жылы жабық түрде, Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билерінің қатысуымен өткен.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: