Қайрат Сәкидің 3 кітабы таныстырылды

17 Қазан 2022, 16:11 3776

Таныстырылым кешіне журналист Сұңғат Әліпбаев, Парламент Мәжілісі депутаты Сауытбек Абдрахманов және Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай сынды тұлғалар қатысты.

Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы - бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» атты кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Таныстырылым кешіне журналист Сұңғат Әліпбаев, Парламент Мәжілісі депутаты Сауытбек Абдрахманов және Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай сынды тұлғалар қатысты.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов автор Қайрат Сәкидің Атырауда болып қайтқанын атап өтті.
«Осы жылдың мамыр айында Қайрекеңді Атырауға шақырдық. Ол 10 күндей қаланың бірнеше аудандарында, университеттерінде болып, жұртшылықпен кездесіп, 3 кітабын таныстырған болатын. Халық өте жоғары қабылдады, әсері өте керемет болды», - деді.



Автор Қайрат Сәки кітаптары туралы тың ақпарат бере кетті.

«Сұлтан Байбарыс» 2000 жылы шыққан кітаптың екінші толықтырылған басылымы. Ал «Ер қаруы - бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» атты кітаптарым 2020 жылы шыққан. Бұл 3 кітаптың осыған дейін таныстырылымы болмаған, оны бүгін өткіземіз деп шештік», - деді ол.


Қайрат Сәкидің айтуынша, «Юрта на вершине пирамиды» атты кітабы қазақша шыққан кітаптардың сығындысы ретінде 2000 таралыммен аударылып шыққан. «Ер қаруы - бес қару» атты кітап та 2000 таралыммен басылған.

 
«Сұлтан Байбарыс» екінші басылымы кәсіпкер Нәсіпбай Ахметовтың демеушілігімен шықты. «Ер қаруы - бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптары үкіметтік бағдарлама арқылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаржысына басылды», - деді автор.


Қазіргі таңда арабтанушы Қайрат Сәки «Араб дереккөздері түркілер» деген жұмысымен және ашаршылық туралы «Жылантақыр» кітабын жазу үстінде. Аталған кітап алдағы уақытта қазақ және ағылшын тілінде жарық көретін болады.


Ажар Лаубаева
Бөлісу: