Айнұр Тұрсынбаева немересіне дүркіретіп бесік той жасады

10 Шілде 2023, 15:00 1266

Танымал айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бесік той Алматыдағы "Светлана" мейрамханасынада өтті. Алайда  баласы мен келіні Ыстамбұлда қалған. Айнұр Тұрсынбаеваның келінінің айтуынша, олар Әлемнің (немересінің есімі) туу туралы куәлігін күтіп отыр. 

Тойға келген қонақтар жасыл түсті киім киген. Тіпті тойбастар да жасыл түсте болды. 

Әр тойдың дресс-коды болу қазір трендте. Біз де қалмадық. Тойдың түсі - көріп тұрғандарыңыздай, жасыл! - деді Айнұр Тұрсынбаева.

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Ақынның қуанышын бөлісуге келген өнер жұлдыздарының қатарында Мақпал Жүнісова, Тамара Асар, Жазира Байырбекова, Роза Әлқожа мен Алтынай Жорабаева бар.

 

EL.KZ
Бөлісу: