Аймырза Берікбол: Президентпен бір күн жұмыс істеу бақыты бұйырды

17 Қазан, 18:00 1341

Президенттің жеке мобилографы болу

Бір күн президенттің жеке мобилографы болу осы салада жүрген әрбір жан үшін арман. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқаудың жеңімпазы атанған Аймырза Берікбол  мемлекет басшысының жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу мүмкіндіге ие болды. Еліміздегі ең үздік мобилограф пен El.kz тілшісі әңгімелесті.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткерлердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де қатысқан азаматтар бар.

Бас жүлде Аталмыш сайыстан суырылып алға шығып, бас жүлдені қанжығасына байлаған ақмолалық Аймырза Берікбол  сол сәттегі әсерімен бөлісті. Айтуынша, мұндай жеңіс тынымсыз еңбектің арқасында келген.

жеке мұрағат 

Бір бастаған жұмысты соңына дейін жеткізіп, әрдайым ізденісте болу және командамен, режиссерлік бағытпен жұмыс осының бәрін бірге атқару оңай емес. Бұл осындай жеңіске жетеледі. Бұрын көптеген конкурстарға қатысып жүрдім. Былтырғы жылы Қазақстанның топ-50 мобилографы атандым. Сол жылы топ-1-ге кірмесемде, биылғы жылы ұйымдастырылған сайыста I орын жеңіп алдым. Қазақы нақышта осындай көптеген видеолар түсіретінмін. Сол себепті мұндай бағытта біраз жұмыс атқарылған соң жолым болып, президенттің бір күндік мобилографы болу құқығына ие болдым, – дейді жас мобилограф Аймырза Берікбол.

Жас мобилограф көп жылдар дайындалған еңбектің нәтижесі деп біледі.

Қазіргі уақытта Президенттің жеке парақшасын ашып, көптеген видеороликтерді  қарап зерттеп  жатырмын. Бұл мүмкіндік туралы әлі толық ақпарат шыға қоймады. Қай кезде болса да, мұндай құқыққа ие болғаныма қуанамын. Қашан қайда болатыны жақын арада айтылады, – деді мобилограф.

Осылайша, арнайы комиссия келіп, әрбір жұмысты мұқият қарай отырып, байқаудың қорытындысын шығарады. Бас жүлде Аймырза Берікболға бұйырса, екінші орынға Аманқұл Ерасыл ие болып, үздік үштікті Арман Тұрлыбеков қорытындылаған. Ал Руслан Абжал есімді қатысушының жұмысы төртінші орынға лайық деп танылған.

Жүлде қоры төмендегідей болған:

Гран-при:

- сапар немесе іс-шара барысында Президенттің жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу.

- Мемлекет басшысының қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max.

- Мобилографияға арналған жабдықтар жиынтығы (жарық, микрофон).

- 1 000 000 теңге.

- Президенттің грамотасы.

 Екінші орын: 1 000 000 теңге.

Үшінші орын: iPhone 15 Pro Max.

Төртінші орын: 500 000 теңге.

Сондай-ақ басқа қатысушылар да назардан тыс қалмаған, атап айтқанда 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталған.

Аймырза Берікболдың мобилографияға қызығушылығы студенттік кезден басталған. Бүгінде бұл салада жүргеніне 8 жылдай болыпты. Алғашқы жобалары достарына, таныстарына видео түсіруден басталған. Одан кейін өсе келе мобилография, видео түсіру жағын мықтап қола алғанын айтады.

жеке мұрағат 

Президентпен іс-шараны түсіруде ерекше талаптар бар. Міндетті түрде форма дұрыс болу керек және уақыт өте тез болғандықтан, сапалы видеоларды жылдам монтаждап беру керек болады. Сондай-ақ мемлекет басшысының айналасында бүкіл күзетшілер, басшылықтың адамдары да болады. Мүмкін шетелге барып түсіріп қалармыз. Соның барлығын қарап, реттеп көру керек, – дейді Берікбол.

Мобилограф ретінде өзінің студиясы болғасын көп дүниені түсіру аса қиынға соқпайтын көрінеді.

Әдемі картиналар шығару үшін бірінші керек зат бұл смартфон және жарық, басқа да көптеген дүние болу керек. Оған қажетті әртүрлі қосымшаларды қолданамын. Жалпы жас мобилографтарға, видео түсірумен айналысып жатқан адамдарға айтарым, бастаған ісін ешқашан тастамай, нәтиже шығарғанша жұмыс істесе ғана жетістікке жетуге, еңбегінің жемісін көруге болады деп ойлаймын. Видео түсіруді басынан бастап дұрыстап үйреніп, тәжірибеден бөлек теорияны бірге алып жүрген дұрыс. Өйткені көбісі қазір практикамен жұмыс істейді де, теориялық жағы жетіспей жатады. Сол жағын көбірек алып жүрсе жақсы болады, – деп жас мобилографтарға кеңесін айтты.

Сондай-ақ Аймырзадан қазіргі мобилографияның болашағы жайында сұрадық. Сөзінше, бүгінгі мобилографтардың кино саласына қарай алғашқы қадамдары басталып жатыр. Үлкен индустрияның алғашқы қадамы сияқты, бұрынғы кезде мұндай дүниелерді жасауға үлкен камера, сапалы аппараттар керек болса, қазіргі кезде телефон де түсіре беруге болатынын айтады.

Әріқарай сол салаға жұмыс істеуге, өзін жоғары деңгейде көрсете алуға бір баспалдақ ашылып келеді. Менің түсірген жобаларым көп деуге болады. Соның ішінде атап айтар болсақ, былтырғы жылғы MobFest конкурсында Қазақстан бойынша топ-50-ге кірдім. Ал биылғы жарыста үздік жүлдегер болып жатырмын. Ал былай Көкшетауда істеп жатқан жұмыстарым мен жобаларым өте көп, – деді ол.

Алдағы уақытта Аймырза осы видео түсіру саласында жұмысын жалғастыра бермек. Сондай-ақ мобилографияны әріқарай дамытуды қолға алмақ.

Осы сала бойынша көптеген курстар жүргізсем деген ойым бар. Мүмкін видео түсіру немесе кино саласына бет бұру жағын шетелде де тереңдетіп оқып келетін шығармын. Оны болашақта көре жатармын, – деді Аймырза Берікбол.

Қазақстанда мобилографияның дамуы соңғы жылдары айтарлықтай өсіп келеді. Мобилография – мобильді телефондар мен планшеттер арқылы фотосуретке түсіру және бөлісу мәдениеті. Бұл үрдістің дамуына бірнеше фактор әсер етті:

Атап айтатын болсақ, технологиялық жетістіктер: Мобильді құрылғылардың камераларының сапасы жақсарды, кәсіби фотосуреттерді жасауға мүмкіндік беретін функциялар қосылды.

Әлеуметтік желілер: Instagram, TikTok, Facebook сияқты платформаларда фотосуреттер мен бейнемазмұнды бөлісу мәдениеті өркендеді, бұл жастардың мобилографияға қызығушылығын арттырды.

Фотографияға арналған мобильді қосымшалар: Snapseed, VSCO, Lightroom сияқты редакциялау бағдарламаларының қолжетімділігі фотографияны жақсартуға мүмкіндік береді.

Мәдени шаралар мен жарыстар: Қазақстанда мобилографияға арналған фотобайқаулар мен көрмелер өткізіледі, бұл шығармашылыққа ынталандырады.

Оқу курстары мен шеберлік сыныптары: Жастарға мобилографияның негіздерін үйрететін курстар көбейіп келеді.

Сонымен қатар, мобилография қоғамда танымал болып, оны кәсіби фотосуретшілер де қолдана бастады. Десе де, кәсіби стандарттарға жету үшін әлі де оқу мен тәжірибе қажет.

Мобилографияның шығу тарихы мобильді фотография мен оның қоғамдағы рөлінің эволюциясын қамтиды.

Ерте кезеңдерде мәселен 1990 жылдары мобильді телефондарда алғаш рет камералардың пайда болуы, алғашқы модельдерде камераның сапасы төмен болды, бірақ олар адамдарға сурет түсірудің жаңа әдісін ұсынды.

2000-шы жылдары цифрлық революция дамып, цифрлық камералар мен мобильді телефондардың интеграциясы 2002 жылы Nokia 7650 моделі шықты, бұл мобильді камералық телефондардың кеңінен таралуына түрткі болды.

Фотосуреттерді бөлісу: Интернет пен мобильді желілердің дамуы фотосуреттерді оңай бөлісуге мүмкіндік берді.

2010-шы жылдары смартфондардың пайда болуы: Apple компаниясының iPhone-ы (2007) мен Android негізіндегі құрылғылар камераның сапасын айтарлықтай жақсартты. Фотосуреттерді түсіру мен редакциялауға арналған көптеген қосымшалар пайда болды.

Әлеуметтік желілердің әсері: Instagram (2010) мен Snapchat (2011) платформаларының шығуы мобильді фотографияны мәдениеттің бір бөлігіне айналдырды.

Ал қазіргі кезеңде кәсіби фотосурет: Мобилография кәсіби фотографтар арасында танымал болып, мобильді құрылғыларда да кәсіби фотосуреттер жасау мүмкіндігі артты.

Мобилография мәдениеті: Халық арасында мобилографияның дамуы, оның ішінде көрмелер, байқаулар және шеберлік сыныптарының өткізілуі.

Трендтер:

Мобилография – шығармашылықтың заманауи формасы, әлеуметтік байланыстарды нығайтуға, деректерді визуализациялауға және қоғамдағы түрлі мәселелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Мобилография көптеген елдерде жақсы дамыған, әсіресе мына мемлекеттерде:

АҚШ: Әлеуметтік медиа платформалары (Instagram, TikTok) мен мобильді қосымшалардың танымалдылығы арқасында.

Жапония: Технологиялық даму мен креативтілік мәдениеті мобилографияны жеделдетті.

Оңтүстік Корея: Мобильді интернеттің жылдамдығы мен смартфондардың жоғары сапасы.

Еуропа елдері (негізінен Германия, Франция): Мобилография мәдениеті кең таралған, әрі кәсіби фотосуретшілер арасында да қолданылады.

Үндістан: Мобилографияның қарқынды дамуы жастар арасында кеңінен таралуына байланысты.

Бұл елдердегі мобилография тек техникалық аспектілермен шектелмей, әлеуметтік мәдениеттің бір бөлігіне айналды.

Мобилографияның болашағы зор. Смартфондардың дамуы мен әлеуметтік желілердің танымалдылығы арқасында фотосурет түсіру мен бөлісу оңайлады. Мобилография жаңа стильдер мен шығармашылық тәсілдерді дамытуға мүмкіндік беріп, кәсіби фотографтарға да, әуесқойларға да өз идеяларын жүзеге асыруға жол ашады. Сонымен қатар, технологиялық прогресс (мысалы, камералардың сапасының артуы) мобилографияның перспективаларын одан әрі кеңейтеді.

Мобилограф болу салыстырмалы түрде оңай, бірақ шеберлік пен шығармашылықты талап етеді. Смартфон камераларының сапасы жоғарылап, фотосурет түсіру үшін көп құралдарға қажеттілік азайғанымен, жақсы кадр жасау, композиция, жарық пен түс пайдалану дағдылары маңызды. Көп тәжірибе жасап, шығармашылықпен айналыссаңыз, нәтиже көресіз.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: