Әйгілі фарфордан жасалған ыдыс әлемді қалай жаулады? — фоторепортаж
Әйгілі фарфордан жасалған ыдыс әлемді қалай жаулады? — фоторепортаж
Қызыл жалын мен ақ балшық — мың жыл бойы үндесіп келе жатқан тылсым дуэт. Фарфорды дүниеге әкелген Цзиндэчжэнь қаласының Таоянли ауданында от сөнбейді, шеберлердің қолы әлі де сол баяғыдай өнер тудырып тұр. Бұл қалада уақыт баяу ағып, әр ыдыс тарих сөйлейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттінің тілшісі Цзиндэчжэнь қаласынан.
Қытайдың Цзянси провинциясында орналасқан Цзиндэчжэнь қаласы - әлемге әйгілі “фарфор астанасы”. Бұл мекенде адамзат тарихындағы ең нәзік әрі көркем керамикалық бұйымдар жасалған.
Қаладағы Таоянли (陶阳里) ауданы - осы өнердің жүрегі. Мың жыл бұрын дәл осы жерде алғашқы императорлық пештер тұтанып, ақ балшық қызыл жалынмен ұштасқан.
Фото: El.kz
Фарфор мен керамика тарихы қайдан басталды?
Капиталға айналған керамика өнерінің тарихы
Керамика — адамзаттың ең көне қолөнерінің бірі. Қытайдағы Ючаньян мен Сяньжэньдун үңгірлерінен б.з.д. 20–10 мың жыл бұрын алғашқы күйдірілген балшық ыдыстар табылған. Уақыт өте келе саз балшықтан жасалған қарапайым ыдыстар жоғары технологиялармен, жоғары температурада күйдіру арқылы керамика мен фарфор ретінде өнерге айнала бастады.
Фото: El.kz
Ал нағыз классикалық фарфор Сун әулеті (960–1279) кезінде қалыптасты.
Дәл осы кезеңде Цзянси провинциясындағы Таоянли ауданында 1300°C-тан жоғары температурада күйдірілген жұқа әрі мөлдір бұйымдар жасалып, қытай фарфорының дәуірі басталды.
Мың жылдық пештердің ізі
Сун дәуірінде Таоянли көшелерінде алғашқы императорлық пештер салынды. Мұнда патша сарайына арналған ыдыстар жасалып, ерекше сапасымен танылды.
Кейін Миң (1368–1644) және Цин (1644–1911) әулеттерінде Цзиндэчжэнь фарфоры әлемдік нарыққа шықты.
Жібек жолы арқылы Еуропаға жетіп, сол кезден бастап “China” сөзі ел атауымен қатар фарфор ұғымына айналды.
Бұл дәуірде шеберлер әйгілі көк және ақ стильді дамытты. Глазурь астындағы кобальт өрнектер ыдысқа айрықша сұлулық беріп, мәңгі сақталды. Кейін алтын жалату мен көп түсті эмаль технологиялары енгізіліп, қытай фарфоры өнердің биік деңгейіне көтерілді.
Фото: El.kz
Фарфор қалай жасалады?
Фарфор — табиғат пен адам шеберлігінің бірлігінен туған туынды.
1.Шикізат дайындау: каолин, кварц және дала шпаты араластырылады.
4.Глазурь жағу: шыны тәрізді қабат жағылып, жылтыр береді.
5.Екінші күйдіру: 1300–1400°C-та ысытылып, мөлдір әрі берік фарфор алынады.
6.Өрнектеу: глазурь астына немесе үстіне сурет салынып, бояулармен безендіріледі.
Фарфор керамикадан өзгеше — ол жеңіл, жарқыраған, дыбыс шығаратын қасиетке ие.
Фото: El.kz
Таоянлидің бүгінгі тынысы қандай?
Таоянли тарихи-мәдени ауданы бүгінде тек көне пештердің ізі қалған орын емес — ол мәдени жаңғырудың, туризм мен шығармашылық индустрияның тоғысқан жаңа орталығына айналды.
2025 жылдың шілдесіндегі ресми деректерге сәйкес, ауданда туристік белсенділік жоғары деңгейде сақталып, тарихи нысандарды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жас буынның қызығушылығы да артып келеді: 2025 жылғы ұлттық мереке кезеңінде келушілердің басым бөлігін 20–30 жас аралығындағы жастар құраған.
Фото: El.kz
Фарфор - мәдени мұра және ұлттық бренд
Қазір Цзиндэчжэнь қаласы Қытайдың ұлттық мәдени бренді саналады.
Мұнда жыл сайын Халықаралық керамика жәрмеңкесі (Jingdezhen International Ceramic Fair) өтеді.
2024 жылы бұл көрмеге 120 елден 2500-ден астам компания қатысып, 4,4 миллион турист келген.
Бүгінде қалада тарихи пештерді сақтау, шеберлерді қолдау және өндіріс мұрасын жаңғырту бағытында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр.