18.07.2025
11:08
3569
Әйеліне 258 рет пышақ салған ер адам оқиға орнында сәбимен селфи жасаған

Әйеліне 258 рет пышақ салған ер адам оқиға орнында сәбимен селфи жасаған

Нидерландының Гаага сотында өзінің азаматтық некедегі жарына 258 рет пышақ жарақатын салды деп айыпталып отырған 24 жастағы Арнольд О.-ға қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы NL Times басылымы сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады.

Қанды оқиға 2024 жылдың 18 шілдесінде Нидерландының Зутермер қаласында болған. Айыптау нұсқасына сәйкес, шабуылдан кейін ер адам марқұм әйелінің екі апталық сәбиімен оқиға орнында селфи жасаған. Сәби дене жарақатын алмаған.

Айыптаушы тарап Арнольд О.-ны 10 жылға бас бостандығынан айыруды және міндетті психиатриялық емдеуді тағайындауды сұрауда. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамнан бірнеше психикалық ауытқулар анықталып, қылмысты қайта жасау қаупі жоғары деп танылған.

Сот материалдарында бұған дейін де Арнольд О.-ның марқұм әйелге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотты болғаны көрсетілген.