Әйелін ұрды деп айыпталған Рахат Тұрлыханов ескертумен құтылды

9 Қаңтар, 17:37 1515

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін ескерту түріндегі әкімшілік жаза арқалады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың желтоқсан айында экс-әншінің үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққанын анықтады.

Сотта ол кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініп, іс бойынша іс жүргізуді тараптардың татуласуы үшін тоқтатуды сұрады. Жұбайы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, онымен татуласқанын хабарлады, - деп хабарлады соттағылар.

Сонымен қатар баптың санкциясы ескерту түрінде әкімшілік жаза немесе 10 тәулікке қамауға алуды көздейді. Алайда Тұрлыханов кінәлі деп танылғанмен, әкімшілік ескерту алды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: