Әйелімен ұрсып қалған ақтөбелік көшеде бейтаныс адамға оқ атты

20 Шілде 2023, 14:55 830

Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны көшеде бейтаныс адамға оқ атты. Ол ішімдік ішіп, әйелімен ұрсып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға түнде сағат 02:00 шамасында тіркелді. Полицияның 102 пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адамға оқ атылғаны туралы хабар түсті.

Күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Полиция капитаны Мақсат Дастан мен полиция аға лейтенанты Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Ол Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйелімен жанжалдасып, кейін көпқабатты үйдің ауласына шыққан. Өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

 

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: