Әйелім тойға бармайды, суретке түспейді - «Жігіттер» тобының әншісі

16 Қазан 2023, 16:06 16990

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әйелін көпшілікке неліктен көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарттық агенттігі.

«Қызықты Weekend» бағдарламасында әнші жұбайының көпшілік орынды ұнатпайтынын, тіпті туысқандарының тойына да бармайтынын алға тартты. Тиісінше суретке өзі де, балаларының түскенін де қаламайды екен.

Әйелім сұлу, көз тиеді. Сол себепті көрсетпеймін. Әйелімнің сұлулығына өзім таң қаламын. Ол кісі көпшілік адам емес, тойға да бармайды. Кеше Шымкентте өзінің туысқандарының тойы болды. Сол өзінің туысқанының тойына зорға алып бардым. Ол кісі жақтырмағаннан емес, адам көп жерді, сурет-видеоға түскенді ұнатпайды, балаларды да түсірткізбейді. Үйде балаларды қарап, менің жағдайымды жасап, ең басты нәрселерді орындайды. Бала өмірге алып келеді, соларды тәрбиелейді, тамақтарын дайындайды. Бәрімен танысып, концерттен концертке жүріп не істейді? Мысалы, қазір көбісінің әйелі қалмай жүр ғой. Ол үйде отырып та қолдау көрсетеді, жанымнан табылады. Білімді, керемет адам. Бірақ жұртпен араласып кете алмайды, - дейді әнші. 

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушыларының арасында өнер иесінің тым қызғаншақ болғаннан кейін де жарын көрсетпейтін болар деп топшылағандар да бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: