«Әйелі өзбек ұлтынан болды». Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековтің жерлеу рәсімінде сөз сөйледі

28 Қараша 2023, 16:40 6991

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбековтің жерлеу рәсімі Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рәсімге есімі елге белгілі қайраткерлер мен әншілер қатысты. Соның бірі бір-бірімен құдаласып, жақсы қарым-қатынас орнатқан Мақпал Жүнісова болды.

Ақжол Мейірбеков ағамыздың қазақ өнеріне еңбегі сіңген. Бұл кісі тек өнерде жүрген жоқ, "Гүлдер" ансамблінің директоры ретінде қызмет жасады. Филармонияда еңбек етті. Жалпы, адам ретінде ол кісі туралы тіпті көп айтуға болады. Жеңгеміз өзбек ұлтынан болғаннан кейін бе, Ақжол ағаның мінезі өте жұмсақ еді. Алдыңнан жүгіріп шығып, үлкен басын иіп, сәлем беріп кететін кездерді де талай көрдім. Үлкенмен үлкен, кішімен кіші болатын. Жалпы, өте дарынды, үлкен жүректі, ешқашан ешкімге жүгін салып көрмеген азамат, – дейді Халық әртісі. 

Еске салайық, әнші, музыкант Ақжол Мейірбеков үш күн бұрын дүниеден өткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: