7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Павлодарда мас отағасы қызы мен зайыбын ұрып-соққан. Ал патрульдік тәртіп сақшылары келгенде пышақ ала жүгіріп, инспекторды жарақаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
19 сәуір күні таңғы сағат 06:30–да Павлодар қаласының 102 қызметіне 15 жастағы қыз бала хабарласып, әкесі анасын ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлаған. Қыз бала атаған мекенжайға полиция капитаны Алмаз Жақыпов пен полиция лейтенанты Төлеген Исинді дереу жіберіледі.
Қызметкерлерді үйдің кіреберісінде хабарласқан қыздың өзі қарсы алды. Ол әкесі өзін ұрып-соққанын, одан соң пәтерде анасын жәбірлеп жатқанын жеткізген. Полицейлер кірген кезде мас күйде болған 40 жастағы ер адам қарсылық көрсетіп, полиция капитаны Алмаз Жақыповтың сол қолының буынына пышақ салған. Полицей жарақат алғанына қарамастан жанжалқор отағасын залалсыздандырып, ұстады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен полицейге медициналық көмек көрсетілген. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұзақы ер адам орташа дәрежеде мас болған. Полицейлерге шабуыл жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) және 109-1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?