17.11.2025
11:15
564
Әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту керек - Қарақат Әбден

Әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту керек - Қарақат Әбден

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қайта көтерілді. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден El-Women жобасына берген сұхбатында бұл бастама отбасы институтын қолдауға бағытталғанын атап, әйелдерге жүктелетін тұрмыстық және тәрбиелік міндеттердің көптігі жұмыс уақытын жеңілдетуді қажет ететінін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.