Әйелдер вагондарына тағы 3 бағыт қосылды

9 Маусым 2023, 16:00 738

Әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастыруда, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚТЖ басасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйелдерге арналған вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы 3 пойыздың құрамына енгізіледі.

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады.

2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Астана – Атырау» және №45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарының құрамында жүре бастады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: