31.10.2022
10:44
3225
Әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды

Әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды El.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әзірге 22-орында. Юлия Путинцева бір сатыға төмен түсіп, 54-ші болды.

Жұптық сайыста Катерина Синякова (Чехия), америкалық Коко Гауфф және жоғарыда аталған Пегула үздік деп танылды.

Қазақстандық әйелдер арасындағы жұптық рейтингінің көшбасшысы Анна Данилина 12-ші орынды сақтап қалды. Жібек Құламбаева 20 сатыға төмен түсіп, 205-ші болды. Путинцева 316-шы орында (+7), Рыбакина 12 жолды артқа тастап, 443-ші орыннан көрінді.