Әйелдер күресінен Қазақстан балуандары Азия чемпионатынан екі жүлде иеленді

14 Сәуір, 20:12 760

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азия чемпионатында қазақстандық Анастасия Панасович 72 келіде өзбекстандық Озода Зарипбоеваны 10:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтты. Осылайша ол сары құрлық біріншілігінің қоласына қол жеткізді. 

Анастасия 14сәуірде Оңтүстік Корея өкілі Жи Сон Лиді 3:2 есебімен ұтып, жартылай финалда үндістандық Нарчита Нарчитадан 5:0 нәтижесімен жол берді. 

Сондай-ақ, 57 келіде сынға түскен Лаура Әлмағанбетова қола жүлде үшін күресте қырғыз спортшысы Сезім Жұманазаровадан 5:0 есебімен басым түсті. 

Ал 65 келіде қола жүлде үшін күрескен Ирина Казюлина Қытай спортшысынан ұтылып қалды. 

Кеше Қазақстан әйелдер құрамасынан 59 келіде Диана Каюмова мен 76 келіде Эльмира Сыздықова қола жүлдеге ие болған еді.

Зарина Арман
Бөлісу: