Әйел жүріп бара жатқан автобустан құлады: полиция түсініктеме берді

25 Ақпан, 14:09 887

Әлеуметтік желіде лық толы автобус аялдамадан қозғалып, артынша есіктердің қайта ашылып кеткен видеосы тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан әйелдің автобусқа кіріп, есіктердің жабылғанын, ал автобус қозғала бастағанда, есік қайтадан ашылып кетіп, әйел адам салоннан құлап кеткенін көруге болады.

Полиция мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.

Оқиға 25 қаңтар күні Сәтпаев көшесінде болды. Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық орныққанына көз жеткізбей жүріп кеткен, салдарынан әйел адамның автобус салынан құлап кетуіне жол берді, - делінген мәліметте.

Жолаушы зардап шекпеген, ал жүргізуші жауапқа тартылған.

Жансая Әділбек
Бөлісу: