Әйел Uber жүргізушісін атып өлтірді

27 Маусым 2023, 11:33 725

АҚШ-та әйелге Uber жүргізушісін атып тастады деген айып тағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шекарада орналасқан Эль-Пасо (Техас штаты) қаласы полициясының мәліметінше, Фиби Копас есімді әйел өзін Мексикаға алып кетеді деп қорыққан. Сондықтан да көлік жүргізушісі Даниэль Пьедра Гарсияны атып тастаған.

52 жастағы ер адам ауруханада бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

Полиция таратқан дерекке сәйкес, Копас «Хуарес, Мексика» деген жол белгісін көрген. Бұл қалалар АҚШ-Мексика елдерінің шекараларында орналасқан.

Белгілі болғандай, Копас сөмкесінен тапаншаны шығарып, жүргізушінің басынан атқан. Әйел адам жедел қызметке хабарласып, жүргізушінің суретін жігітіне жіберген.

Тергеу бұл істің адам ұрлығы немесе Пьедраның Копасты тиісті жерге жеткізуден бас тартқанын растамайды, - делінген Эль-Пасо полициясы таратқан мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: