«Әйел мен еркек тең бе?» Мадина Сәдуақасова оқырмандарына сұрақ қойды

20 Қараша 2023, 16:10 1881

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жаңа образдағы суретін жариялап, көпшілікке сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бүгінде кеңінен талқыланып жатқан ер адамдар мен әйелдер құқығы жайлы оқырманының пікірін білгісі келген.

Ер адамның киімін әйел-қыздарға киюге болмайды дейді. Неге? Жігіттердің көбі әйелден жоғарымын деп санайды екен, көрейік біз де солай ойлап… Әйел мен еркек тең бе? – деп жазды ол.

Ал оқырмандардың басым бөлігі Мадинаның ерлердің киімін киіп түскен суретін сын айтып, ер адамның әйел адамнан бір бас жоғары тұратынын алға тартқан.

«Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық», «Əйел еркектен бір саты кіші болуы керек», «Әйел еркектен төмен тұрады деген сыйластықтың белгісі. Ешқашан тең болмайды. Егер әйел адам жоғары болып кетсе, еркек еркектігін жоғалтады», «Еркектің киімін киюге, аяқ астына тастауға да болмайды», - деп жазған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МАДИНА САДВАКАСОВА (@sadvakasovamadina)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: