Айдың соңғы күні ауа райы қандай болады

29 Қыркүйек, 23:28 450

Синоптиктер ертең, 30 қыркүйекте еліміздің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысыныңбатысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкенттекүндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 30 қыркүйек-1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: