Айдарбек Сапаров сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

19 Қараша 2023, 23:12 669

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құттықтаудың толық мәтіні АШМ ресми сайтында жарық көрді. 

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның өз жері мен еліне деген көзқарасы бәрінен де жоғары бағалануы тиіс. Осы асыл қасиеттер бойында бар жауапты адамдарды «Адал азамат» деп атауға болады. Бұл сіздердің әрқайсыларыңызға қатысты екеніне сенімдімін. Өйткені сіздер туған жерге құрметпен және ұқыппен қарау дегенді терең түсінесіздер.

Биылғы жыл АӨК үшін оңайға соқпады. Жекелеген өңірлердегі құрғақшылық пен ұзақ жауын-шашын күзгі жиын-терім науқанына кері әсерін тигізді. Бірақ сала қызметкерлерінің күш-жігерінің нәтижесінде астық жиналды. Ел толық көлемде нанмен қамтамасыз етіледі.

Тамақ және қайта өңдеу саласы қызметкерлерінің еңбегі де өте маңызды. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында ел халқы сапалы сүт, ет, ұн, нан, макарон және басқа да көптеген өнімдермен қамтамасыз етілді.

Саланың алдында климаттың өзгеруі, геосаяси факторлар жағдайында көптеген елдерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие болыр отыр. Бұл ретте біздің серіктес елдердің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі де Қазақстанға байланысты.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудаға еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Мереке құтты болсын!

Перизат Саденова
Бөлісу: