29.12.2023
16:01
11000
Айдана Меденова сүйінші жаңалығын жеткізді

Айдана Меденова сүйінші жаңалығын жеткізді

Отандық танымал әнші Айдана Меденова оқырманымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі Іnstagram-дағы парақшасында жуық арада сәбилі болатынын мәлімдеді. Ол жүкті кезеңінен видео салып, жазба қалдырған:

Жүрегімнің ішінде,

Тағы бір жүрек соғып тұр.

Аллам мені сәбимен

Аман есен жолықтыр, - деп жазды әнші.

Пікір білдірушілер әншіні сүйінші жаңалығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.