Айдана Меденова мүлде ән тыңдамай кеткенін айтты

1 Тамыз 2023, 13:39 1590

КешYou тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова хиджаб киіп бастағалы өзі ән айтпақ түгілі әнді тыңдамай қойғанын да айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншіге оқырмандардың бірі «Енді ән айтпайсыз ба?» деп сауал қойған.

Музыкадан алшақтап кеткенін айтқан Меденова қазір де әннен қол үзгенін айтты.

Жоқ. Ең қызығы, тіпті тыңдамаймын қазір. Жалпы, маған қиын болады деп ойлағанмын кезінде... Керісінше, Алла маған жеңілдетіп қойды бәрін, өзімнен-өзі музыкадан алшақтап кеттім. Алла ұлық, ниетіңе қарай бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады, - деп жазды ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: