Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында жеңіске жетті

4 Мамыр, 18:00 625

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. 

Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.

Айта кетелік, Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: