Айбота Ертайқызы Чехияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді

Айбота Ертайқызы Чехияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді

Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. Дүбірлі дода 12-14 қыркүйек аралығында өтеді. 

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.