El Sport YouTube арнасының жаңа шығарылымында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы және Қайсар клубының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен қонақ болды. Сұхбатта FIFA Series турнирі, ұлттық құраманың қазіргі жағдайы, алдағы ойындар, сондай-ақ ҚПЛ-дегі «Қайсардың» маусым басындағы нәтижелері сөз болды. Сонымен қатар футболшы мансабындағы қиын кезеңдер, допинг дауы және алаңға қайта оралуы туралы ашық пікірін айтты.