Айбек Оралбай жартылай финалға өтті

Айбек Оралбай жартылай финалға өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда. 

Айбек Оралбай 1/2 финалға шығу үшін италиялық Диего Ленцимен жұдырықтасты. Соңғы раундта отандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша қазақ боксшысы 5:0 есебімен капитан жартылай финалға жолдама алды.