24.01.2025
13:58
1489
Аяздың беті қашан қайтады

Аяздың беті қашан қайтады

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағында жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанған.

Елдің басым бөлігінде түнде ауа температурасының біртіндеп 12-23 градусқа дейін, күндіз 5-13 градус аязға дейін жоғарылауы күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады, ал Батыс Қазақстанда түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяздан 2 градус жылыға дейін ауытқиды, – делінген хабарламада.