Аяздан бір аптада 50-ге жуық адам қаза тапты

21 Қаңтар, 22:16 1076

АҚШ-та күннің суытуы салдарынан соңғы бір аптада 47 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

NBC арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары ауа райының қолайсыздығынан қатты зардап шегіп отыр. Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді. Рекордтық төмен - минус 34 градус тіркелді. Бірнеше штатта қалың қар жауып, негізгі жолдар жабылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: