Аяз Ата мен Санта Клаус Алматыға көшіп келуі үшін қанша қаржы керек?

28 Желтоқсан 2016, 16:56 8308

Жаңа жыл

Бірнеше жыл бұрын скандинавиялық консалтинг компанияларының бірі дүниежүзіндегі әр балаға жаңажылдық сыйлық жеткізу логистикасы жөнінен Санта Клаус үшін Ферғана жотасы ауданы ең қолайлы орын болатынын есептеп шығарған еді. Бұл мекен Алматыдан 500 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің мамандары егер Санта мен Аяз Ата Қазақстанның оңтүстік астанасына көшіп келсе, оларға қандай баспана қажет болатынын және ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын анықтап көрді. 

Ресми статистика цифрларына сүйенер болсақ, әр қазақстандыққа орташа есеппен 21,5 шаршы метр баспанадан келеді. Осы мәліметті негізге ала отырып, Аяз Ата мен Санта Клаусқа қолайлы баспана өлшемдерін оңай анықтауға болады.

Аяз Ата мен оның немересі – Ақшақарға екі жатын бөлме, қонақ бөлме мен жеке кабинеті (бұл – міндетті түрде қажет бөлме, себебі Аяз Ата балалардан келген хатты оңаша отырып оқуы керек қой) бар төрт бөлмелі апартаменттің жарап қалатыны кәдік. Тұрғын үй кешені қала орталығынан алыс емес жерде, тауға жақын маңда, инфрақұрылымы дамыған және экологиясы қарт адамға қолайлы ауданда орналасқаны жөн. Шаршы метрі 390 мың теңге шамасында деп есептегенде ауданы 90 шаршы метр болатын мұндай пәтерлердің әрленер алдындағы құны 35,1 млн. теңгеге шығар еді. Шанасы мен үш атын жайғастыру үшін Атаға жерасты паркингінен тағы екі орын қажет болады, яғни үй бағасына шамамен тағы 8 млн. теңгені қосыңыз. Барлығы – 43,1 млн. теңге.

Көмекшілерінің өзі бір қора - гномдар, эльфтер мен Рождествоға арналған сыйлықтар өндірумен айналысатын басқа да ертегілік кейіпкерлер бар Санта Клаусқа шығын көп кетеді. Өкінішке қарай, Санта көмекшілерінің нақты саны белгісіз, сондықтан қажеттілік мөлшерін жобалап есептеуге тура келеді.

Сонымен, Алматыға көшіп келгенде Сантаға ең алдымен баспана, шаруашылық және өндірістік нысандар салуға қажетті жер телімін сатып алу керек. Қала аумағындағы бір сотық жердің орташа құны – 4 млн. теңге. Санта Клаусқа үй, таңғажайып көмекшілеріне арналған жатақхана, сыйлық өндіретін цех пен оларды сақтайтын қойма салу үшін және 9 бұғы мен шанаға қажет орын үшін, кем дегенде, құны 40 млн. теңгеге шығатын 10 сотық қажет болады.

Санта жалғызбасты болғандықтан оған 2 млн. теңге тұратын ауданы 50 шаршы метрге дейінгі ағаш үй де жетеді. Өндірісте жұмыс істейтін гномдар мен эльфтерге арналған ауданы 16 шаршы метр болатын 60 пәтерлік бесқабатты жатақхана 240 млн. теңгеге (мұндай пәтерлердің орташа құны 4 млн. теңге деп есептегенде) шығады.

Сыйлық өндіру мен сақтауға арналған әрқайсысының ауданы 200 шаршы метр болатын қос орын құрылысына 8 млн-ға жуық теңге, ал бұғылардың бағымы мен шананы жайғастыруға тағы 4 млн теңгеге жуық қаржы қажет болады. Жалпы алғанда, Санта Клаустың Алматыға қоныс аударуы үшін кем дегенде 294 млн. теңге жұмсалар еді.

Анықтамалық ақпарат

Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.

Бөлісу: