«Аяп отырмыз». Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Қалдыбек туралы жазба жариялады

30 Қыркүйек, 11:09 7342

Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса Әнару Қалдыбекке қатысты мән-жайды айтты. Боксшыдан зорлық көргенін мәлімдеген ару күні-түні хабарласып, отбасылы ер адамның есігін күзетіп жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал боксшымен қарым-қатынаста болғанын айтқан Әнару Қалдыбек оның әйеліне де тыныштық бермеген көрінеді.

Түнімен, Құдайдың құтты күні Әнарудан осындай қоңыраулар келеді. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған ару" есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. Біз полиция шақырып, сау емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Бұл – ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой. Қиялына ерік берген деп Жанқошты тоқтатып отырмын, – дейді боксшының әйелі.

Сондай-ақ боксшының әйеліне желіде пікір жазып, алғашында байланыс орнатпақ болғанын да атап өтті.

Лүпіл басып, реакция жіберген күндеріне мән береміз. Бізге қалай қызығатынын жүрекжарды комментарий жазып келген. Кешке жақын ол қыздың фотоларын салсаң тауып алып аямаймыз деген қоңыраулар келді. Суицид жасауға бейім қыз, психикалық ауытқуы барын біле тұра тағы да фото-видеоларын салсаң, кінәлі сен боласың деп те аяныш сезімін оятуға тырысты, – деді блогер келіншек. 

Айта кетейік,  бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағымданған еді. Ал Жанқош Тұраров және оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарумен келеді. 

Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: