"Аяғы ауыр емес екен". Әнші Алтынай Жорабаева жүктілігі туралы шындықты айтты

4 Желтоқсан 2023, 11:23 77175

Әнші Алтынай Жорабаева өзі туралы жалған әңгіме айтып жүрген адамдардан көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткенде бір әңгіме естіп шошыдым. Ол әңгімені жақын құрбымнан естідім. Туысқандары мен араласатын адамдары намаз оқиды екен. «Алтынай аяғы ауыр емес екен ғой, жәй ішіне бірнәрсе салып алған екен ғой, күйеуінен бала болмайтын болған соң, біреуден алайын деп жатыр екен» депті. Сондай ойға дейін қалай дәттері барады екен. Менің істейтін шаруам жоқ па, кімнен қорқып жүрмін. Алла берсе берсін, бермесе қойдық деп жүрген адамдар едік. Міне, Алланың қалауымен, дұғамның арқасында, емделудің арқасында Алла берді. Ешқандай эко емес, шынымен Алла берді. Субханалла, сондай әңгімеге дейін баратын адамдарға шынымен жаным ашиды. Не деуге болады оларға?, - деді әнші Instagram парақшасында.

Әншінің айтуынша, оны жақын танитын, жақсы білетін, дәмдес болған адамдар айтқан.

Имандары қайда қалды деп ойлаймын. Өкінішті. Тіпті, мен той мен концертке барғанда ішімді басып көретін адамдар болды. Ішімді кәдімгідей басып көреді. Сондайға дейін аңдитын адамдар бар екен. Ниетті дұрыстау керек, - деп айтты Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, көпшіліктің сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева жақында бесінші баласын дүниеге әкеледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: