Аягөзде 5 жасар қыз су құятын құты ішінен шыға алмай қалды

Аягөзде 5 жасар қыз су құятын құты ішінен шыға алмай қалды

Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бес жасар қыз алюминий металдан жасалған құты ішіне кіріп, шыға алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға бүлдіршіннің ата-анасының көз алдында болған. Олар алдымен қызды өздері шығарып алуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Содан бірден құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп, "Holmatro" гидравликалық жабдығының көмегімен фляганың қабырғаларын кескен. Сөйтіп қызды шығарып алып, ата-анасына тапсырды.

Қазір бүлдіршінге қауіп жоқ. Оған медициналық көмек қажет болмаған.