Ranking.kz тілді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады, деп хабарлайды El.kz
Тілдерді білу көрсеткіші бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.
Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр: әрқайсысы бес тілде сөйлейді.
Үздік үштікті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түйіндейді: әрқайсысы төрт тілді біледі.
Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, ҚР-да ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен. EF EPI 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан тізімнің соңында дерлік болды: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында. ҚР ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Көрсеткіш - 426.