11.03.2024
04:11
1174
Автожол бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды

Автожол бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жол бойындағы қоқысты жинауды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бүгінгі күні республикалық маңыздағы күре жолдардың бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды. 

Бұл ­– қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі. Біз тазалықты сақтауға өзіндік үлесін қосқан әр азаматқа алғыс білдіреміз, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар компания жүргізушілерді күре жолдардағы тазалықты сақтауға және қоқыс пен өзге де қалдықтарды жол бойына тастамауға шақырды.