Автомобиль жасау саласында өндіріс көлемі 30%-ға артты - Скляр

3 Қыркүйек, 11:16 532

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Үкімет металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау және химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесін бекіткенін баяндады. Олардың әрқайсысы бойынша мониторингі, Инвестштаб шеңберінде жүзеге асырылатын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді.

Автомобиль жасау саласы оң динамиканы көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Сонымен қатар алдағы жылы жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын 2 ірі жоба пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Скляр жолдарды орташа жөндеу тәжірибесі 10 мың шақырымға дейін таратылатынын айтты.

Теміржол қызметтері саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру шеңберінде 3 жыл ішінде оларды рентабельділікке жеткізу үшін реттелетін т/ж тарифтерін арттыру жоспарлануда (жүк тасымалдарының 73%-ы өзіндік құннан төмен жүзеге асырылады).

Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежайларды дамыту және сапалы инфрақұрылым құру үшін «Қазаэронавигация» РМК қаражаты бағытталатын болады. Сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шағын әуе кемелерін сатып алу мәселесі пысықталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жолдарды орташа жөндеу тәжірибесі жұмыс барысын мониторингтеу үшін Е-Joldar цифрлық платформасын іске қосумен 10 мың км-ге дейін масштабталатын болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: