Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды

27 Ақпан, 21:28 601

Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам алаяқтық жолмен одан 300 мың теңге алып, жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде бергені, алайда, уәдесін орындамағаны туралы арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қамауға  алды. 

Ол Манғыстау облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның тағы екі эпизодқа қатысы бары анықталды.

Алаяқтық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейбір азаматтар жағдайды пайдаланып белгілі бір сомаға автокөлікті есепке қоямын деп сан соқтырады. Ақтөбе облысының полиция департаменті осындай қызмет түрлерінен бас тартуды ұсынып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: