Ауыр қылмыстар Алматы мен Астанада жиі тіркеледі

23 Қазан 2023, 11:44 903

Ауыр қылмыстар Алматы мен Астанада жиі тіркеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы - Қазақстандағы ауыр қылмыс ең көп жасалатын қала. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті осындай мәлімдеме жасады. Комитеттің қылмыстар картасында келтірілген дерек бойынша, Алматыда жыл басынан бергі он айдың ішінде ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстарды қосып есептегенде 15 500-ден аса қылмыс тіркелген.

Мұның ішінде жергілікті прокуратура, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті, комитеттің Шекара қызметі мен қалалық Экономикалық тергеу департаменті және басқа да құзырлы органдардың мәліметі келтірілген.

Одан бөлек, Астана да антилидерлер қатарында. Статистикаға бойынша, елордада ауыр қылмыс ретінде қарастырылатын істердің саны 10 мыңнан асып түседі.

Сонымен қатар, Алматы мен Қарағанды облыстарының статистикасы да еліміздегі ауыр қылмыс көп жасалатын өңірлер санатына кіреді.

Ауыр қылмыстар:

Аса ауыр қылмыстар:

Ауырлығы орташа қылмыстар:

Аталған өңірлерде ауыр қылмыстарымен өте ерекшеленетін аудандары да бар. Айталық, Алматы қаласында Алмалы ауданы ауыр қылмыстар жөнінен бәрінен асады. Мұнда ауыр және аса ауыр қылмыстарының өзі биылдыққа мың жарымға жуықтап тұр. Астанада бұл жағынан Алматы ауданы басқаларына дес бермейді. Ал Алматы облысында Қарасай ауданының ерекше статистикасымен өзге ешбір ауданы «тайталаса» алмайды. Қарағанды облысында ауыр қылмыс санатындағы істермен көп көзге түсетіні облыс орталығының өзі болып отыр.

Айта кетейік, жалпы қылмыс саны елімізде азайып келеді. Құқықтық статистика комитетінің 8 айды қорытындылаған есебінде Қазақстанда қылмыстың 15,2%-ға төмендегенін мәлімдеген еді. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар  4,1%-ға, ауыр қылмыстар 16,5%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар 17,9%-ға және онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ға кеміген.

Жалпы, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, барлық құзырлы органда ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр 91 433 қылмыстық іс өндірісте болған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: