Ауыр қылмыс жасаған: Қарағандыда сотталған азамат медициналық мекемеден қашып кетті

18 Шілде 2023, 11:05 3178

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі. 

Ол 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді.

Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған, - делінген Polisia.kz мәліметінде.

Қала тұрғындарынан сыйпатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: