07.07.2025
22:00
14660
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржыны қола медальмен толықты

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржыны қола медальмен толықты

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол жақсы нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79+98) келі салмақты бағындырды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Даен Ли жеңіп алды — 196 (88+108) келі. Екінші орын Өзбекстан өкілі Сарвиноз Купайсиноваға бұйырды — 187 (87+100) келі.