29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Пётр Хребтов ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хребтов қос сайыстың (жұлқа көтеру мен серпе көтеру) қорытындысы бойынша 333 келіні еңсеріп, жалпы есепте үшінші орын алды. Ол жұлқа көтеруде 146 келіні, ал серпе көтеруде 187 келіні бағындырды. Сонымен қатар, Пётр серпе көтеру жаттығуы бойынша да жеке қола медальға ие болды.
Бұл салмақтағы чемпион — Индонезия өкілі Эрвин Рахмат Абдулла, ол 360 келі (155+205) нәтижесімен топ жарды. Ал күміс жүлде Қытайлық Хайфенг Вуға бұйырды, оның нәтижесі 334 келі (145+189).
Пётр Хребтовтың бұл жетістігі Қазақстан ауыр атлетикасы үшін маңызды нәтиже болып отыр. Ол алдағы халықаралық додаларда да ел намысын абыроймен қорғайды деген үміт бар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек