Ауыр атлетикадан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Әлем чемпионаты спортшыларымыз үшін сәтті аяқталып, жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды. Араға 9 жыл салып, 102 келіде Артем Антропов топ жарды.
Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте Әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.
92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:
Солтүстік Корея - 9 алтын,5 күміс,2 қола
Қытай - 4 алтын,2 күміс,3 қола
Қазақстан - 2 алтын,1 күміс
Енді ерлер арасында +109 келіде бір ғана жүлде жиынтығы сарапқа салынады.