Ауыр атлет Владимир Седов неге өз-өзіне қол салды? Министр жауап берді

25 Шілде 2023, 11:48 1664

Бүгін Үкімет отырысынан кейін кулуарда мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ауыр атлет Владимир Седовтің өз-өзіне қол жұмсағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, жуырда белгілі спортшы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап, 35 жасында көз жұмды.

Министр спортшының ауыр атлетика тарихында есімі алтын әріппен жазылып, көк туды желбіретіп, өз үлесін қосқанын атап өтті. 

Қазір бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары өз жұмысын жүргізіп жатыр. Нәтижесі шыққан уақытта біз түсінік беретін боламыз, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Еске сала кетейік, 2016 жылы Седовтың ағзасында допингтің бар екені анықталды. Бұл кезге дейін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы болды. 2019 жылы Седов 2008-2016 жылдар аралығындағы барлық атағынан айырылды. Ал 2021 жылы тағы бір ауыр атлет 25 жастағы Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсаған еді.

Кулуарда допингке қатысты да сұрақ қойылды. Оған қатысты министр бұл бағытта тек олимпиадалық спорт бойынша емес, басқа да спорт түрлеріне қатысты жүйелі жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Допингке қатысты алдын ала жұмыстарды үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Спортшылар чемпион атанып, сосын артынан допинг болып шықса, бұл өзімізге ұят. Соны болдырмау үшін біз объективті түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Асхат Оралов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: