Ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жас дәрігерге 8,5 млн теңге төленеді

17 Тамыз, 23:04 795

Дәрігер мамандығының беделін арттыру, жас мамандарды ауылға тарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 - жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20% - ға дейін арттырады. 

Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 - жылдың 1 - қыркүйегінен бастап ол 50% - ға көтерілді. 

Биылғы 1-қыркүйектен бастап қосымша 50% - ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Ол дәрігер мамандығының беделін арттыру, ауылдарға жас мамандарды тарту және оларды сонда ұстап қалу үшін мемлекеттік қолдау шаралары едәуір күшейтілгенін атап өтті.

Мысалы, ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жас дәрігерге бір мезгілде 100 ЕТЖ, яғни 8,5 млн теңге төлену керек; «Дипломмен ауылға!»; жаңа орынға қоныс аударушылар үшін тұрғын үй құнының 50%-ы мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқығы бар экономикалық ұтқырлық сертификаты және «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде жас мамандарға жалақыдан тыс қосымша үстемақы белгілеу, - деп атап өтті спикер.  

Перизат Саденова
Бөлісу: