Ауылдың мәселесі өте өзекті – Жигули Дайрабаев

10 Наурыз 2023, 22:43 1609

Келесі раундта «Amanat» партиясының мүшесі Айдос Сарым «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының өкілі Жигули Дайрабаевқа сұрақ қойды деп, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


«Amanat» партиясының мүшесі Айдос Сарым мәселесі шешілмеген ауылдарда әр өңір бойынша мәдениет және спорт нысандарының жеткіліктілігін қаншалықты қамтамасыз ете алатыны туралы Жигули Дайрабаевқа сауалын жолдады.
Бұл ретте Жигули Дайрабаев ауылдың мәселесі өте көп екенін айтты.


«Сіздің партияңыз мынанша мектеп саламыз немесе триллиондап ақша бөлеміз деп айтады. Алдын ала жүгіруге болмас. Бәрін уақыт көрсетеді. Екінші жағынан ауылдың жағдайы өте қиын екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Қоғамда мынадай сөз жүр. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын шалғай жатқан Солтүстік, Ақмола, Ақтөбе облыстарының шағын ауылдарынан-ақ көруге болады. Мен үнемі аралап көріп жүрмін. Ауылдың медицинасы, спорты, суы, жолы бүгінгі күндегі ең өзекті мәселенің бірі. Қазір бір минуттың ішінде оның бәріне жауап бере алмаймын. Соңғы екі жылда сіздердің партияларыңыз тірліктерін жаңартты. Оны мойындау керек. «Ауыл» партиясының жоспарын оқитын болсам, маған 25 минут керек», - деді Жигули Дайрабай. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: