14.03.2023
13:59
1593
Ауылдарды толығымен сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етіледі

Ауылдарды толығымен сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етіледі

Ауылдық аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Экономика вице-министрі қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2027 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөрісі ауыл халқының үлесін 6,5%-ға төмендету күтілетіндігін мәлімдеді.

«Ауылдарды толығымен сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етіледі. Бұл жерде тек қана орталықтандырылған ауыз су емес екендігіне назар аударғандарыңызды сұраймыз», деді вице-министр.

Ол ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың саны 97%-ға жеткізу күтілетіндігін айтты. Сонымен қатар даму әлеуметі жоғары барлық 3500 ауылдың инфрақұрылымын жаңарту жүзеге асырылатын болады.

 «Ауылдарды қаржыландыру негізінен «Ауыл­­ – ел бесігі» жобасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте басқа ауылдарды дамыту жергілікті бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылады» , деді Бауыржан Омарбеков.

Алдағы уақытта ауылдық жерлерде 650-ге жуық мәдени обьектілер мен 100 спорт ғимараттары салынатын болады.

Осыған дейін «Ауыл –  ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген едік.

Осыған дейін Экономика вице-министрі «Дипломмен ауылға» жобасына бюджеттен 20 миллиард  теңге қарастырылатынын мәлімдеген еді.