Ауылдарда халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

2 Ақпан 2023, 14:43 1211

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы айтты

Еліміздің ауылдарында орналасқан «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Бұл туралы «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форумда «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ауылдарда бүгінгі таңда «Қазпоштаның» 2700 бөлімшесі бар. Біз бұл бөлімшелерді комьюнити орталықатыр етіп, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашып жатырмыз. Онда біздің мамандар ауыл тұрғындарына 20-дан астам мемлекеттік сервис бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ, елімізде цифрландыру мәселесі интернерттің жұмыс істеуіне байланысты. Қазіргі таңда әр ауылда интернет бар, алайда, оның жылдамдығы аз. Сондықтан біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ауылдарда интернет жылдамдығын көтеру, яғни, бір адамға 1м/бит емес, 100 м/бит-ке дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

EL.KZ
Бөлісу: