Атырауда үш жасар бала терезеден құлап, мерт болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға бүгін – 14 маусым күні тағы сағат 8:00 шамасында болған. 10-қабаттан құлаған бала жедел жәрдем көлігі жеткенше, көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бала анасымен Құрманғазы ауданынан дәрігерге қаралу үшін келгені белгілі болды.
Полиция ата-аналарды өте сақ болуға шақырады, кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.