«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесе ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды El.kz
Бағдарламаның қаржылық операторлары – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ.Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінеді, оның 30 млрд теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалдарында ағымдағы жылдың 5 тамызында басталады. Өтінімдерді қарауды, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруді «ҚазАгроҚаржы» АҚ келесі шарттарда жүзеге асырады:
Сондай-ақ қаржыландырудың бір лизинг алушыға екі жылдық кезең ішінде бір реттен жиі емес ұсынылуы - маңызды шарт.
Бағдарламаға келесі отандық өндірістегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары қатысады:
LOVOL, DEUTZ FAHR, TURAN, КИРОВЕЦ, БЕЛАРУС, RSM, YTO, CLAAS XERION, DONG FENG, WUZHENG маркалы тракторлар;
ESSIL, VECTOR, ACROS, TORUM, CLAAS TRION, DEUTZ FAHR маркалы астық жинайтын комбайндар (күріш комбайндары);
Сүрлем жинайтын комбайндар: жем-шөп жинайтын жоғары өнімді комбайн (ЖЖК), жем-шөп жинайтын өздігінен жүретін комбайн (ЖӨК).
Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне: «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК, «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «KazKioti» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС кіреді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы шегіндегі қаржыландырудың револьверлік сипатта болатынын, яғни, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдердің жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қайта жіберілетінін айта кету керек. Бағдарламаның өзі 20 жылға есептелген.